🚧 Жол-құрылыс пәндері ЦӘК онкүндігі аясында кәсіптік бағдар беру іс-шаралары өткізілді. Іс-шараларға үш мектептің оқушылары және жол-құрылыс мамандықтарының 1-курс студенттері қатысты.

Бағдарлама аясында қатысушылар жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында қолданылатын техникалармен танысуға мүмкіндік берген «Жол-құрылыс машиналары» көрмесін, геодезияның заманауи технологияларына арналған «Теодолиттен GNSS-ке дейін» геодезиялық жабдықтар көрмесін тамашалады.
Сонымен қатар, кәсіби сынамалар барысында оқушылар мен студенттер битум және қиыршық таспен жұмыс істеу тәжірибесін алды.
Іс-шаралар қатысушыларға жол құрылысының заманауи технологияларымен танысуға, кәсіби көкжиегін кеңейтуге және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға мүмкіндік берді.

🛣️ Жол құрылысы — болашақты қалыптастыратын мамандық!