1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар
Қосымша 3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
"Қостанай автомобиль көлігі колледжі" КМҚК
р/с | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазым | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
---|---|---|---|
1 | Кадрлар бөлімінің меңгерушісі | Бос педагогикалық емес лауазымдарға жұмысқа құжаттарды қабылдауға қатысу | Жеке басымдықтар, құжаттарды қабылдауды кешіктіру немесе оларды қабылдаудан дәлелсіз бас тарту |
2 | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер | Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және өткізу | Бір көзден сатып алу мүмкіндігі |
3 | Есеп айырысу үстелінің есепшісі | Жалақыны есептеу | Жеке мүдделер бойынша жалақыны көтеру |
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Колледждің ішкі нормативтік актілерінің кейбір ережелерінің білім беру саласындағы қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарына толық сәйкес келмеуі.
Негіздеме: Колледж сайтындағы «Ішкі актілер» бетінде орналасқан Ғылыми-әдістемелік жұмысқа арналған ішкі нормативтік актілер жинағы 2017 жылы әзірленген және 2017 жылдан кейін білім беру саласында қабылданған нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді қамтымайды; «Оқу жұмысы», «Құрылым және құрылымдық бөлімшелер», «Оқу-өндірістік жұмыс», «Тәрбие жұмысы» бөлімдеріне қатысты ішкі нормативтік актілер жинақтары 2023 жылы жаңартылған, бірақ колледж директоры тарапынан бекітілмеген және мөрмен расталмаған; ұжымдық шарт 2021–2023 жылдарға арналған; 2020 жылғы 15 мамырдағы №172 «Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия туралы ереже» ашылмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы
1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі