Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі

Мамандық:

Есептеу техникасы жəне ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

Біліктілік:

4S06120102 Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі

Түлектердің кәсіби қызмет бағыттары:

  • Компьютерлік желілерді әкімшілендіру
  • Локальді және корпоративтік желілерді баптау, пайдалану және сүйемелдеу
  • Серверлер мен жұмыс станцияларының операциялық жүйелерін орнату, баптау және қызмет көрсету
  • Пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару
  • IT-инфрақұрылымның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету
  • Инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Негізгі қорғау құралдарын баптау, қол жеткізу құқықтарын басқару
  • Желілік белсенділікті бақылау және рұқсат етілмеген қолжетімділікті болдырмау
  • Серверлік рөлдерді орнату және сүйемелдеу (файл серверлері, каталог қызметтері, пошта сервистері)
  • Виртуалды орталарды және бұлтты сервистерді әкімшілендіру
  • Жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақауларды диагностикалау және түзету
  • Жабдықтар мен сервистердің жағдайын бақылау, деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру
  • Желілік шешімдерді жобалау және жаңарту
  • Техникалық құжаттаманы жүргізу, нұсқаулықтарды әзірлеу
  • IT-жүйелерді пайдалану және сүйемелдеу стандарттарын енгізу

Кәсіби құзыреттер:

  • Желілік және серверлік жабдықтарды әкімшілендіру кезінде электротехника және электроника принциптерін қолдану
  • Аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмысын қамтамасыз ету
  • Мәселелерді шешу кезеңдерін орындауда бағдарламалау тілінің негізгі конструкцияларын қолдану
  • Желілік жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету
  • Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің желілік құрылғыларын орнату процесін әкімшілендіру
  • Ұйымның серверлік жабдығын баптау және қызмет көрсету
  • IoT құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету
  • Локальді есептеу желілері мен Интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Ұйымның жүйелері мен желілерін басқару
  • Желілік және жүйелік әкімшілендіру бойынша өз бетінше жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру
  • Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау нормаларын сақтау

Жұмысқа орналасу және мансап

Қызмет салалары:

Жүйелік-талдамалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, эксплуатациялық, жобалау, өндірістік-технологиялық және ғылыми-зерттеу қызметі

Ықтимал жұмысқа орналасу ұйымдары мен кәсіпорындары:

Мемлекеттік мекемелер, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу компаниялары, жүйелік интеграторлар, IT-аутсорсинг ұйымдары, компьютерлік техника мен желілерді қызмет көрсету орталықтары, желілік инфрақұрылымы дамыған қаржылық компаниялар, байланыс операторлары, интернет-провайдерлер, деректерді өңдеу орталықтары, желілік инфрақұрылым мен телекоммуникациялық жүйелерді қызмет көрсету компаниялары, автоматтандырылған басқару жүйелері мен корпоративтік желілері бар кәсіпорындар, білім беру және ғылыми ұйымдар

Біздің түлектеріміз жұмыс істейтін орындар:

«Allur Auto» автокөлік компаниялары тобы, «Бірінші БИТ» компаниясы, ЖШС Алпысбаев («Pozitiv» студиясы), КОФ АҚ «Қазпошта», КОФ АҚ Halyk Bank, АО «ForteBank» Костанай филиалы, ЖШС «Hyundai Auto Kostanai», ЖШС «Logitex», АҚ «Қазақтелеком», ЖШС «Стофарм», ЖШС «BITRIX», Костанай қаласының кабельдік желілері, қалалық және облыстық әкімшілік және білім беру мекемелері

Мүмкін болатын лауазымдар:

жүйелік әкімші, желілік әкімші, техникалық қолдау маманы, сервер әкімшісі, локальді желілер әкімшісі, желілік жабдықты баптау маманы, желілік инфрақұрылым әкімшісі, желілерді мониторингтеу маманы, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу маманы.

Оқу жоспары

Кәсіби модульдер:

  • Желілік және серверлік жабдықтарды әкімшілендіру кезінде электроника принциптерін қолдану
  • Аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмысын қамтамасыз ету
  • Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінде программалау
  • Желілік жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету
  • Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің желілік құрылғыларын орнату процесін әкімшілендіру
  • Ұйымның серверлік жабдығын баптау және қызмет көрсету
  • IoT құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету
  • Локальді есептеу желілері мен Интернеттегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Ұйымның жүйелері мен желілерін басқару
  • Желілік және жүйелік әкімшілендіру бойынша өз бетінше жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру

Өндірістік оқыту және кәсіби практика:

  • Таныстырмалық практика

Мамандығы бойынша оқу практикалары:

  • Операциялық жүйелер бойынша практика
  • Желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру бойынша практика
  • Кірістірілген жүйелерді әзірлеу және программалау бойынша практика
  • Желілік жабдықты қызмет көрсету, диагностика және қалпына келтіру бойынша практика
  • Ақпараттық жүйелерді аудиттеу және қауіпсіздік бойынша практика
  • Өндірістік-технологиялық практика
Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
mail@kkat.edu.kz