Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Мамандық:

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Біліктілік:

4S06120202 Ақпаратты қорғау жөніндегі техник

Түлектердің кәсіби қызмет бағыттары:

  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін баптау және сүйемелдеу
  • Қолжетімділікті бақылау және деректерді қорғау
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, желілік жабдықтар мен серверлерді орнату, баптау және сүйемелдеу
  • Пайдаланушылардың есептік жазбаларын және қол жеткізу құқықтарын басқару
  • Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу және талдау
  • Компьютерлік желілер мен инфрақұрылымды қорғау
  • Осалдықтарды аудиттеу және бағалау
  • Ақпаратты криптографиялық қорғау
  • Веб және бұлтты сервистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Нұсқаулықтар мен регламенттерді әзірлеу, пайдаланушыларды ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне оқыту

Кәсіби құзыреттер:

  • Ақпараттық қауіпсіздіктің бағдарламалық-аппараттық құралдарын әкімшілендіруді, пайдалануды және қолдауды жүзеге асыру.
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында бағдарламалау тілі конструкцияларын қолдану.
  • Желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру және қолдау әдістерін қолдану.
  • Корпоративтік ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік параметрлерін баптау.
  • Криптографияны және ақпаратты автоматтандырылған өңдеу әдістерін қолдану.
  • Робототехникалық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін мониторингтеу және басқару бағдарламалық-аппараттық құралдарын әкімшілендіруді, пайдалануды және қолдауды жүзеге асыру.
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өз бетінше жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеру.
  • Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау нормаларын сақтау.

Жұмысқа орналасу және мансап

Қызмет салалары:

Ақпаратты, желілерді және цифрлық жүйелерді қорғаумен байланысты жүйелік-талдамалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, пайдалану (эксплуатациялық), жобалау, өндірістік-технологиялық және ғылыми-зерттеу қызметі.

Ықтимал жұмысқа орналасу ұйымдары мен кәсіпорындары:

Мемлекеттік органдар, деректерді өңдеу орталықтары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік ақпараттық жүйелері бар ұйымдар; қаржылық деректер мен транзакцияларды қорғау қызметтерін көрсететін ұйымдар, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу компаниялары, бұлтты қызмет көрсетушілер, сервистік IT-компаниялар, киберқауіпсіздік орталықтары, ақпараттық қауіпсіздік аудиті, қорғау құралдарын енгізу және IT-инфрақұрылымды сүйемелдеу қызметтерін ұсынатын компаниялар; телекоммуникациялық компаниялар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми-білім беру ұйымдары.

Біздің түлектеріміз жұмыс істейтін орындар:

«Allur Auto» автокөлік компаниялары тобы, «Бірінші БИТ» компаниясы, ЖШС Алпысбаев («Pozitiv» студиясы), КОФ АҚ «Қазпошта», КОФ АҚ Halyk Bank, АО «ForteBank» Костанай қаласы филиалы, ЖШС «Hyundai Auto Kostanai», ЖШС «Logitex», АҚ «Қазақтелеком», ЖШС «Стофарм», ЖШС «BITRIX», Костанай қаласының кабельдік желілері, Қалалық және облыстық әкімшілік және білім беру мекемелері

Мүмкін болатын лауазымдар:

Ақпараттық қауіпсіздік техникалық қолдау маманы, ақпараттық қауіпсіздік функциялары бар жүйелік әкімші, желілік қауіпсіздік әкімшісі, желілерді қорғау маманы, қауіпсіздік мониторингі орталығы (soc) операторі, бастапқы деңгейдегі қауіпсіздік аналитигі, ақпаратты қорғау жүйелерінің әкімшісі, қолжетуді басқару маманы

Оқу жоспары

Кәсіби модульдер:

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдарды әкімшілендіру, пайдалану және қолдау
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесінде бағдарламалауда алгоритмдеу әдістерін қолдану
  • Желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру, пайдалану және қолдау жұмыстарын ұйымдастыру
  • Корпоративтік ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін баптау
  • Криптографияны және ақпаратты автоматтандырылған өңдеу әдістерін қолдану
  • Робототехникалық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін мониторингтеу және басқару бағдарламалық-аппараттық құралдарын әкімшілендіру, пайдалану және қолдау

Өндірістік оқыту және кәсіби практика:

  • Таныстырмалық практика

Мамандығы бойынша оқу практикалары:

  • Операциялық жүйелер бойынша практика
  • Желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру бойынша практика
  • Ақпараттық жүйелерді аудиттеу және қауіпсіздік бойынша практика
  • Өндірістік-технологиялық практика
Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
mail@kkat.edu.kz