Іс-шаралар жоспары аясында Жұмысшы мамандықтар жылының өткізілуіне байланысты білім алушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға, атап айтқанда «Автокөліктерді жөндеу слесарі» біліктілігі бойынша бағытталған «One School One Skill (бір мектеп – бір құзырет)» жобасы аяқталды.
Аталған жобаны іске асыру барысында «Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі» КМҚК мен Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 8 жалпы білім беретін мектебі» КММ арасында білім берудің ерте кезеңдерінде практикалық бағыттағы оқытуды қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты дамыту туралы шартқа қол қойылды.
практика барысында мектеп оқушылары автокөліктерді жөндеу слесарінің кәсіби қызметіне қажетті бастапқы біліктерді меңгеріп, жұмысшылар еңбегінің мазмұны мен сипаты, заманауи автомобиль өндірісінің даму тарихы мен инновациялық технологиялары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі талаптарымен танысты, сондай-ақ автокөліктің құрылымын зерделеді. Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы білім алушылар автокөлік агрегаттары мен тораптарын бөлшектеу және жинақтау, қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету және оны іске қосу, компьютерлік диагностика жүргізу бойынша алғашқы тәжірибе алды.
Осы бағдарлама бойынша оқу курсын табысты аяқтаған барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.