
2025 жылдың 27 қарашасында «Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесінің кеңейтілген отырысы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ақмола облысынан келген делегацияның қатысуымен өтті.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері колледж директорының оқу орнының қызметі мен даму перспективалары туралы есебін тыңдады.
Колледж әкімшілігімен бірлесіп, білім алушыларды әлеуметтік қолдауға және өнеркәсіптік сектор мамандарын тарта отырып, колледждің кадрлық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған қосымша қаржыландыру көздерін тарту мәселелері талқыланды.
Оқу-әдістемелік бірлестік бойынша директордың орынбасары В.Ж.Базарбаев индустриалдық кеңестің қызметі туралы хабарлама жасады.
«Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжін» КМҚК қайта ұйымдастыру жөнінде заңгер З.Б. Асылбекова ақпарат берді.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Қамқоршылық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қолдап, жаңа құрамды бекітті.