
2025 жылдың 17–21 қарашасы аралығында колледжде жол-құрылыс пәндер циклы комиссиясының онкүндігі өтті. Бағдарлама мазмұнды шараларға толы болып, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға әрі салалық ұйымдармен байланыс орнатуға бағытталды.
Оңкүндіктің маңызды іс-шараларының бірі – Қостанай облысы бойынша РМҚ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалына ұйымдастырылған экскурсия болды. Мұнда студенттер жолдардың күйін бағалау әдістерімен және зертхана жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Жол-құрылыс машиналары» көрмесі өтіп, онда салалық техника мен арнайы жабдықтар таныстырылды.
Шара аясында оқытушылар бірқатар ашық сабақтар өткізді. «Есептік параметрлерді табиғатқа шығару» модулі бойынша «Қалалық аумақты жоспарлау және жобалау» тақырыбында, ал ПМ 05 «Жасанды құрылыстарды тұрғызу жұмыстары» модулі бойынша «Жолдағы су өткізу құбырлары» тақырыбында сабақтар өтті. Сонымен қатар ПМ 01 модулі аясында «Зерттелетін аумақты зерделеу» пәнінен «Сызықтық өлшемдерді есептеу» тақырыбы бойынша ашық сабақ ұйымдастырылды.
Практикалық бағыттағы іс-шараларға тротуар плиткасын төсеу бойынша мастер-класс, гидроавтоматика бойынша кәсіби сынамалар, сондай-ақ «Теодолиттен GNSS-ке дейін» атты геодезиялық құрал-жабдықтар көрмесі кірді. Көрме классикалық өлшеу аспаптарынан бастап заманауи спутниктік жүйелерге дейінгі технологиялардың даму жолын көрсетті.
Оңкүндік «Табыстың формуласы» атты кездесу-дискуссиямен қорытындыланды. Онда студенттер саланың мамандарымен пікір алмасып, кәсіби тұрғыда бағыт-бағдар алды. Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, практикалық дағдыларын нығайтуға және болашақ кәсіби дайындықтарын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Завершила декаду встреча-дискуссия «Формула успеха», где студенты смогли пообщаться с приглашёнными специалистами и получить ценные советы для будущей профессиональной карьеры. Проведённые мероприятия позволили участникам расширить кругозор, укрепить практические навыки и сделать ещё один шаг к формированию профессиональной компетентности в дорожной отрасли.