Бірнеше күн бойы еліміздің түрлі өңірлерінен келген қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, педагогикалық тәжірибелерін және практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Байқау көлік саласындағы үздік әдістемелер мен инновациялық тәжірибелерді тарату, тәжірибе алмасу алаңына айналды.
🏆 Байқау жеңімпаздары:
🥇 Елдияр Талғатұлы Азбергенов — алтын медаль
🥈 Қайрат Амангелдіұлы Абдраимов — күміс медаль
🥉 Нұрболат Қожашұлы Сатқанбай — қола медаль
🥉 Булат Қызырұлы Макажанов — қола медаль
Сонымен қатар бірқатар қатысушылар «Medallion for Excellence» кәсіби шеберлік медалімен марапатталды.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! 👏
Сіздердің еңбектеріңіз бен кәсібиліктеріңіз Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосады.
