2025 жылғы 6 қараша күні Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінде «Колледждің әлеуметтік серіктестермен тиімді өзара іс-қимылы: үздік тәжірибелер, кейстер, тәжірибе» тақырыбында панорама-тәжірибе өтті.
Іс-шара «Көлік» саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауының аясында ұйымдастырылып, өңірдің білім беру ұйымдары, өндіріс орындары және әлеуметтік серіктестері өкілдерін бір алаңда тоғыстырды.
Панорама мақсаты – колледждің әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл жасаудағы тиімді тәжірибесін жинақтау және тарату, кадрларды даярлау сапасын арттыруға, дуальды оқытуды дамытуға және колледж бен жұмыс берушілер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Бағдарлама аясында сөз сөйлегендер:
• Павленко Дмитрий Иванович, Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің директоры – Қостанай облысының әлеуметтік серіктестерімен колледждің тиімді өзара іс-қимылының моделін ұсынды;
• Маликова Галина Анатольевна, колледждің педагог-шебері – білім беру мен өндірістің кадрлар даярлаудың бірыңғай кеңістігі ретіндегі ынтымақтастық жүйесін жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті;
• Закалюжный Владимир Иванович, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – білікті мамандарды даярлауда кәсіби бағдардың маңыздылығы туралы баяндама жасады;
• Иментаева Сания Газизовна, «Allur» автомобиль зауытының өкілі – білім, ғылым және өндіріс интеграциясы туралы баяндама жасады.
Панорама жұмысына Республикалық кәсіби шеберлік байқауының сарапшылары мен қатысушылары қатысты, олардың қатарында:
Бас сарапшы: Миникеев Рустем Ермекович
Бас сарапшының орынбасары: Булат Кирилл Сергеевич
Сарапшылар: Байняшев Василий Михайлович, Ковбица Сергей Андреевич, Кичкайло Дмитрий Леонидович, Сарсенов Уланбек Узбекович, Ерунов Александр Сергеевич, Булат Сергей Николаевич, Гофман Виктор Владимирович.
Байқау қатысушылары-сарапшылар:
1. Блялов Арман Серикович — «Жоғары техникалық колледж», Көкшетау қ.
2. Капанов Нураль Темірғалиевич — «Бөрлі колледжі», Батыс Қазақстан облысы
3. Ізтелеуов Бахитбек Махсутұлы — «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі»
4. Раев Сапарбай Мұбаракұлы — Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі
5. Қозтаев Талғат Құралбайұлы — «Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК
6. Тағанқожа Асанбек Болатбекұлы — «Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжі» КҚМК
7. Сманқұлов Максат Якудаевич — Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
8. Әбішев Қажымқан Наврузбаевич — Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі
9. Дулатов Даурен Дулатұлы — «Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі» мекемесі
10. Дүйсенбаев Нұржан Аманович — «Алматы автомобиль-жол колледжі»
11. Балтабеков Нұрбек Булатович — «Павлодар техникалық сервис колледжі»
12. Кучеренко Виталий Александрович — «Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі»
13. Дүйсенбаев Марат Махсетұлы — «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі»
14. Оспанов Олжас Өміртаевич — Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі»
15. Сәрсембаев Ербулат Урикович — «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі»
16. Сүлейменов Арман Белгібекұлы — «Көлік колледжі», Абай облысы, Семей қ.
Іс-шара пікір алмасу және талқылаумен аяқталды. Қатысушылар мен сарапшылар колледж бен өңір кәсіпорындары арасындағы серіктестік байланыстарды дамыту және дуальды оқыту жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.
Осындай кездесулер білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, үздік тәжірибелермен алмасуға және автомобиль саласы мамандарын даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.