Бүгін колледж директоры Павленко Д.И. және Қостанай қаласының Солтүстік полиция бөлімінің жедел бөлім қызметкерлері Мұстафа Азамат Фазылбекұлы, Тұмұрзин Ерқан Ескендірұлы, сондай-ақ Солтүстік полиция бөлімінің ювеналды полициясының аға инспекторы Володына Елизавета Викторовнаның қатысуымен «Заң әлемі» құқықтық клубының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде студенттер мен жасөспірімдер арасындағы ең кең таралған қылмыстық құқықбұзушылық түрлері талқыланды. Полиция қызметкерлері қылмыстық құқықбұзушылықтардың, соның ішінде алаяқтық, буллинг, кибербуллинг, есірткі заттарын таратудың алдын алу шараларын түсіндірді.
Сондай-ақ, студенттер мен колледж оқытушыларының сұрақтарына жауап берілді. Студенттер арасында құқықбұзушылық орын алған жағдайда іс-әрекет алгоритмі талқыланды.
Сегодня прошло очередное заседание правового клуба «Заң әлемі»
с участием директора колледжа Павленко Д.И. и приглашенных сотрудников оперативного блока северного отдела полиции г. Костанай Мустафа Азамат Фазылбековича, Тумурзина Еркан Ескендировича и старшего инспектора ювенальной полиции северного отдела полиции г. Костанай Володиной Елизаветы Викторовны. На повестке дня обсуждались наиболее распространенные виды уголовных правонарушений среди студентов и подростков. Сотрудниками полиции были разъяснены профилактические меры недопущения уголовных правонарушений такие как мошенничество, буллинг, кибербуллинг, распространение наркотических веществ. Сотрудники полиции ответили на вопросы студентов и преподавателей колледжа. Обсудили алгоритм действий, в случае возникновения правонарушения среди студентов.