«Қасіретті жылдар жаңғырығы»

27 мамыр куні «Западный» кітапхана-филиалы қызметкерлері Қостанай автомобиль көлігі колледжінің 1Т-57 тобы студенттерімен саяси қуғынүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тарихи экскурс сағатын өткізді.

    Тарихи экскурс Жеңіс саябағында саяси қуғын-сүргіндерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Кітапханашы өткен тарихқа толық тоқталды. Іс-шара барысында халықты еріксіз қоныс аударуға мәжбүрлеу, сатып алынған мүліктерін тәркілеу, ашаршылық жағдайлары орын алған 20-30 жылдарғы қайғылы тарихи оқиғаларды баяндады. А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, М. Жұмабаев  сынды тарлан жазушылардың. Алаш партиясы қайраткерлерінің жазықсыз жазаланған тағдырлары қатысушыларды бейжай қалдырмады.

     Іс-шара соңында жиналған қауым ашаршылықтан қаза тапқан, тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru