ПРЕСС-АНОНС

2024 жылғы 12 сәуірде Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында Cisco WebEx платформасында екі форматта офлайн және онлайн режимде «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ӨНДІРІС: ТАБЫС КІЛТІ» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты-колледждер мен техникумдар студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметінің шығармашылық бастамаларын өзектендіру.

Конференцияда жеті секцияда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары таныстырылады:

1 секция. Қазіргі заманның өзекті мәселелері.

2 секция. Жаратылыстану-математикалық зерттеулер. 

3 секция. Гуманитарлық білім мен уақыт талабы.

4 секция. Техника және ақпараттық технологиялар.

5 секция. Технология қазіргі өндірістің негізгі факторы ретінде.

6 секция. Экономика, менеджмент және инновацияның негізгі мәселелері.

7 секция. Физикалық даму және денсаулық.

Конференцияға берілген өтінімдерге сәйкес 180 колледж студенттері қатысады:

1. Қазақстан Республикасы - 13 колледжден 37 қатысушы;

2. Қостанай облысы - 18 колледжден 128 қатысушы;

3. Ресей Федерациясы-5 колледжден 15 қатысушы.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 156 үй. Анықтама телефондары: Бибик Виктория Викторовна, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, 87775242245; Саметова Нургуль Серикбаевна әдіскер, 87052349730, Е-mail vika.bibik.84@mail.ru

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru