«Министр» спектакліне тамашалауға бардық

30 қараша күні Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері (1Т-57, 1АС-49, 2УТ-38, 1ЭЛ-22, 2ЭЛ-21 топтары) Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына) Ақылбек Шаяхметтің «Министр» қойылымын тамашалауға барды. Ақын, драматург Ақылбек Шаяхметтің «Министр» атты деректі драмасы қалың көрерменге жол тартты. Қойылымда заңғар тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт руханиятының жанашыры Ілияс Омаровтың өмірі мен биік болмысы суреттеледі.
Ілияс Омарұлы 1912 жылы 1 қазанда Қостанай облысы Сарыкөл ауданына қарасты Жазыби аулында туған. Ол әкесі Ділімнен тумай жатып жетім қалып, әкесінің ағасы Омардың қолында тәрбиеленеді. 1933 жылы Тәшкенттегі Орта Азия Жоспарлау экономикалық институтын үздік бітіріп, Қызылорда қаласындағы сауда техникумының директоры болады. Содан сауда министріне дейін көтеріледі. Министрлер комитеті кеңесінің аппаратында кеңесші, Жоспарлау комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметкерін атқарды.
1967 жылдың көктемінен өмірінің соңғы күніне дейін Мәдениет министрі болды.
Мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист Ілияс ағамыздың кіршіксіз адамгершілік иесі, халқының қамын ойлап, шексіз сүйіспеншілікке ие болған адам екенін байқадық.Ол әділетке, жолдастыққа, достыққа кір жұқтырмайтын жан екенін театр актерлері көрсете білді.
Премьераны колледж студенттері ыстық ықыласпен қабылдап, жоғары бағалады.

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru