«Облыстық «ДОДА» дарынды және шығармашыл жастар лига

«Облыстық «ДОДА» дарынды және шығармашыл жастар лигасы» атты жобасын іске асыру мақсатында, осы жылдың қазаң айында Қостанай қаласының колледждер студентері арасында мемелекеттік тілде іріктеу ойыны өткізілді. Іріктеу ойындары 4 кезеңнен тұрды: «Зияткерлік» сайыс, «Мобильдік ойындар» сайысы, «Көңілді мәре» – спорттық жарыс, «Жайдарман» ойыны.
ҚАКК атынан қатысқан 2ЭЛ-21 тобының студенттері Тоқтамыс Н., Байдраков Д., Бериков Е., Егінбай М., Аблай Н., Газез Д., Аубакиров О. , Шагаев О. Аталған студенттер жүлделі орынға ие болып, марапаттау статуэткасымен, грамоталармен марапатталды және финалға жолдама алды.
25 қарашада Балалар шығармашылығы үйінде өткен «ДОДА» дарынды және шығармашыл жастар лигасы атты ойынның Финалына қатысып, 2ЭЛ-21 тобының студенттері өздерінің бойындағы шығармашылық, спорттық, білімділік қасиеттерін көрсете білді. Өткізілген іс-шаралар барысында балаларды топ кураторы Р.А.Бакенова қолдап жүрді. «Жайдарлы жастар» КҚ директоры М.А. Бәкір Қостанай автомобиль көлігі колледж атына Алғыс хат жолдады.

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru