ПРЕСС- АНОНС КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ!

ПРЕСС- АНОНС

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ!

 

 

2023 жылдың 4 қараша мен 10 қараша аралығында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында көлік және коммуникация саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық конкурс өткізіледі.

Өтетін орны: Қостанай қаласы, Назарбаев даңғылы, 156, Қостанай автомобиль көлігі колледжі

Қатысушылар: Республиканың 15 облысынан (қалалар: Астана, Алматы, Шымкент, облыстар: Абай, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Ұлытау, Қостанай облысы) мұғалімдер мен сарапшылар.

Байқаудың мақсаты: көлік-коммуникация саласының педагогтерінің ең үздік тәжірибесін анықтау, педагогикалық шеберлігін арттыру, ТжКББ ұйымдарының дарынды,  шығармашыл педагогтеріне қолдау жасау.

Конкурстың міндеттері: қатысушылар көлік және коммуникация саласында теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіптік қызметтегі кәсіби дағдылар, жаңа білім беру технологияларын қолдану, студенттерді оқытудың инновациялық әдістерін қолдануын көрсетеді.

Байқаудың мазмұны:

Модуль 1 – Кәсіби модульдері бойынша компьютерлік тестілеу;

Модуль 2 - WorldSkills International стандарттарына сәйкес және СIS форматында автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша технологиялық операцияны бағалау парағын құру.

Модуль 3-жеңіл автомобильдің ауыспалы беріліс қорабына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

Модуль 4 -жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақауларын іздеу екі кезеңнен тұрады:

- Тұтану жүйесін жөндеу;

- Жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақаулықтарын жою.

Модуль 5 -жүк көлігінің қозғалтқышын жөндеу;

Модуль 6 - жеңіл автомобиль қозғалтқышын жөндеу;

Модуль 7 - Автомобильдің электр жабдықтарының диагностикасы.

БАҚ өкілдерін 2023 жылғы 4-10 қараша аралығында көлік және коммуникация саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өтетін республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысуға шақырамыз. Байланыстағы тұлға: Булат Сергей Николаевич, 8 -777-321-11-90.

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru