«Парасаттылық-өмір салты» кездесу

Қостанай автомобиль көлігі колледжінде студенттермен олардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында топтарда «Парасаттылық-өмір салты» сынып сағаттары өтті, ал 8 ақпанда колледж студенттері, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының басшысы А.М. Байлинмен және колледж заңгері Ж.С. Әжібаевамен кездесті. Қонақтар қоғамның түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы бірлестіктің қызметі туралы айтып, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.



#АВТОДОР #ПОТОМУЧТОМЫЛУЧШИЕ #ӨЙТКЕНІБІЗҮЗДІКТЕРМІЗ

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru