Біздің колледжімізде, 2020 жылдың 15-інші қазанында, қашықтықтан «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынын қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушылары Мұхамбетжанова Г.З., Еделбаева Г.Қ., Тоқышева М.С. қызықты әрі тартымды етіп өткізді.
Интеллектуалдық ойынның мақсаты:
• Студенттердің әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Олардың алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.
• Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру,
• Студенттердің қызығушылығын, белсенділігін арттыру болды.
Ойынға «Алғырлар» (3АС-39), «Тапқырлар»(2АС-40), «Жүйріктер»(2С-55) топтарынан студенттер ат салысты. Ойынның шарты бойынша студенттер әр саладан білім деңгейлерінің кеңдігін көрсетіп, сұрақтарға толық жауап бере отырып, өз шеберліктерін жетілдіре білді.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 1 орын- 2АС-40, 2 орын- 2С-55, 3 орынды -3АС-39 топтары иеленді.