«Қазақ тілі мен әдебиеті және филологиялық пәндердің» ЦК-ның онкүндігі шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Шәкірова Тұрсынкүл Жолдыбайқызы 2020-жылдың , 15-ші қазан күні, 1-курс студенттерінің арасында (1ВМ-11, 1Т-49, 1АП-1) «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын өткізді.
Сайыс бес кезеңнен жасалды:
1-ші кезең «Кім көп біледі?» (Бұл кезеңде бір минут ішінде қай топ көп мақал айтады)
2-ші кезең «Мақал-сөздің мәйегі» ( мақалдардың жалғасын тауып айту)
3-ші кезең «Кім тапқыр?» (жұмбақ жауабын тауып айту )
4-ші кезең «Суретті сөйлету» (берілген суреттерге байланысты мақалдар айту)
5-ші кезең «Сандар сыры» (Көп нүктенің орнына қажетті сандар қою)
Сайыстың қорытындысы бойынша: 1-ші орынға 30-деген ұпай санымен 1ВМ-11 және 1Т-49 топтары ие болды.
Ал 2-ші орынға 29-деген ұпай санымен 1АП-1 тобы ие болды.