ӘБУ НАСЫР- ӘЛ ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СЫНЫП САҒАТЫ (ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ)

2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады. Осыған орай Қостанай автомобиль көлігі колледжінде ай сайын сынып сағаттары өткізілуде. Ақпан айының 21-ші жұлдызында  колледждің оқу залында  қазақ тілі мен әдебиеті  пәні оқытушылары  К.Н Досанова  мен  Г.К Нұржанованың  ұйымдастыруымен «Әбу Насыр Әл-Фараби-Шығыстың ұлы ғұламасы» атты сынып сағаты өтті.

Мақсаты:  Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру және  ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу,алған білімдерін ойын арқылы тексеру.

Абу Насыр Аль-Фараби атамыздың құрметіне арналған сынып сағаты бастамасы Аль-Фарабидің өмірінен қысқаша қазақ тілінде видеофильмді қараумен басталды:

- Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз 870 жылы сол кезде дүние жүзіндегі ірі қалалардың бірі болған Отырарда дүниеге келді. Әл-Фарабидің білімге деген алғашқы ынтасы, ғылыми ойының алғашқы ұшқындары туған жері Отырарда, оның тамаша кітапханасында пайда болды...

Фильмнен кейін 4 курс студенті Саят «Туған жер» әнін көрермендерге тарту етті. Сынып сағатын жүргізуші студенттер орыс тілінде Абу-Насыр Аль-Фараби туралы мәліметтерімен қысқаша презентациялар жасап, баяндамалар жасады:

«Әл-Фараби  әлеуметтік-қоғамдық және этика саласына да қалам тербеген. Мысалы, «Бақытқа жету жайында» деген еңбегінде «оның бірден-бір жолы – ғылымды, білімді игеруде» деп насихат айтады.

Сонымен қатар 1 курс студенттерімен(1С-55,1ВМ-10 тобы) интеллектуалды ойын басталды.    

Ойын кезінде «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактаттарында бір¬қатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәсе¬лелерге талдау жасалынды.  Бабамыздың  шығармасындағы  теңсіздіктің өмірге келуі, 

қажетті адамгершілік қасиеттер, әр адамның бақытқа жету үшін бүкіл қоғам болып тіршілік ету керектігі туралы айтылған пікірлері бүгінгі күнге дейін өзекті.Ойын арасында  студенттер домбыра тартып, 

ән айтты..Сынып сағатына 1-3 курс студенттері қатысты. Ойын соңында көрермендермен де викторина сұрақтары ойналынды. Ойынға белсенді қатысқан  студенттер құттықтау қағаздармен мараппаталды. Ойын өте қызықты және әсерлі өтті деп айтуға толықтай негіз бар.

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru