Тіл мен әдебиеті ЦК және филологиялық пәндердің ЦК апталығын- да өткізілген іс- шаралар

«Тілі мен әдебиеті және филология  пәндік» ЦК ұйымдстыруымен  қазан айының 9-ы мен 19-на дейінгі аралығында  Қостанай автомобиль көлігі колледжінде апталық өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді. Апталық барысында  ЦК оқытушылары ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шара және соңғы күнінде қорытынды отырыс өткізілді.

Апталық барысында өткізілген ашық сабақтарда Кембридж әдіс-тәсілдері, «Блум» таксономиясы  бойынша  оқытушылар «Сэндвич» әдістері, критериалды оқыту және бағалау, топтық жұмыстарын жүргізді. Сабақтарда әртүрлі щығармашылық тапсырмаларды студенттер қызығушылықпен орындады.  

Ал 1-2 курс арасында сыныптан тыс «Дебаттағы ойын» атты дебат ережелерімен таныстыру әңгімесі өткізілді.. Аталған іс-шараға қатысқан студенттер  жақсы дайындалған. Дебат жақсы деңгейде өтті. Сондай-ақ  «Латын  әліпбиесіне көшу- заман талабы» атты пікірталас және «Кәсіби тілді білемін» - сайыстары да жақсы деңгейде жүргізілді.      

Апталық кезінде студенттер Абай Құнанбаев пен Ш.Қалдаяқов шығармаларымен танысып, видеофильмдерді көре, білімдерін толықтырды.. Сонымен бірге студенттер олардың әндерін нақышына келтіре  орындады.

Апталық аясында қазақ тілін бойынша жаппай диктант өтті. Шараның ерекшелігі сол, диктант жаңа латын әліпбиінде жазылды. Білімдерін сараптауға 75-ге жуық студенттер қатысты. 

Апталықтың соңында  қорытынды  мараппаттау жолымен аяқталды. Кеш патриоттық тұрғыда, тәрбиелік мәнге көп көңіл бөлінді. Жалпы алғанда апталықтың барысы жақсы деңгейде өтті.

        

 

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru