Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы!

 

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы!

 

Наурыз – береке-бірліктің,

теңдіктің, жақсы тілеудің,

 қайта түлеудің мерекесі

                                                                         (М. Шаханов)

 

    Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екені барша  халыққа аян. Наурыз - қазақ жерінде сан ғасырлардан бері тойланып, ұрпақтан  ұрпаққа мұра болып келе жатқан мереке. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ және барлық жерлерде жаңа жылды қарсы алу рәсімі салтанатты түрде өткізілетіні мәлім.

   Дәстүр бойынша, біздің Қостанай автомобиль көлігі колледжінде  Тіл мен әдебиет ЦК-ның ұйымдастыруымен, бұл іс – шара жылдан жылға қызықты әрі тартымды өткізілуде.

   «Наурызым- асыл айым» мерекесінің ашылу салтанатын Орлов Павел, Левшина Юлия, Кадыров Аянстуденттері нақышына келтіріп жүргізсе, қазіргі заманауй әндерді  студенттер Бидос Ақарыс, Шатырбаев Тимур  шырқаса, Жақсыбай Дархан күмбірлеген домбыраны қолына алып күйін шертіп, барлық қауымның назарын өздеріне аудара білді. 

   «Ең үздік қонақжайлық топ» жәрмеңкесінде, топтар арасында үстел сайысы ұйымдастырылып, қазақ халқының берекелі де, мерекелі дастарханы жайылып, Наурыз көжелерінен дәм татысып, «Амансың ба? Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барса, жол болсын!»,  «Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге кірсін», - деген жылы сөздер айтылып қана қоймай,  әр топ өзінің өнер сайысын өте жоғары дәрежеде көрсете білді.

   Оқу залына әр топтан жеті студент шақырылып, қысқа метражды «Наурыз-думан»  киносы көрсетіліп, сұрақ-жауап ойыны өткізілсе, содан соң  наурыз мерекесіне арнап мәнерлеп, нақыштап өлеңдерін оқып берді.

  Бұл игі дәстүрлерімізде Наурыз мерекесінің ерекшелігі жатыр, әр дәстүрдің астында мән мен мағына, тәрбие жатыр. Біз үшін игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тағы да басқа ізгі істерге шақыратын бұл мерекенің мәні зор. Сондықтан, бұл мерекенің маңыздылығын жылдан жылға арттырып отыруға тырысып қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды бағалап,  қадiрлеуге бар күшімізді салудамыз.     Наурыз Тәуелсiздiк күнiнен кейiнгi үлкен мерекенiң бiрi екенін ескеріп, естен шығармауға тырысамыз. 

  Наурыз мерекесі соңында  ИЭ бөлім меңгерушісі Салимов Р.Ә. оқытушыларға және студенттерге ақ бата тілегін беріп, өте жоғары  дәрежеде ат салысқан студенттерді колледж атынан сый-сияпатпен марапаттады.

 

                                             ҚАКК-нің жоғары

санаттағы қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің оқытушысы

Мұхамбетжанова Гүлбану Здейқызы

 

 

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru