Қостанай автомобиль көлігі колледжінде 12 қазан күні 1 курс студенттері арасында «Ана тілім-айбыным » атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары- Досанова Кенжегүл Нұрмұханқызы, Нұржанова Гүлмир Қарсаққызы, Ниязбекова Зияда Әміржанқызының ұйымдастыруымен өткізілді.
Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты: білім алушылардың мемлекеттік тілі-мізді сүюге, тілдің мәртебесін биік көтеру, өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және арттыру.
Мәнерлеп оқу сайысы екі бөлімнен тұрды:
1. Өлеңді жатқа мәнерлеп, нақышына келтіре оқу;
2.Берілген өлеңді білім алушының түсініп, мәнерлей оқи білуі.
Мәнерлеп оқу сайысының ережесі: білім алушының жүріс-тұрысына, сахна-дағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аудару.
Мәнерлеп оқу сайысына колледждің 1 курс студенттері белсене қатысты. Сайыстың бірінші кезеңінде:Смышляева Юлия- 1ОП-19 тобы,Остап Роман-1ОП-19,Федотов Никита-1С-54,Бийсенова Аружан-1С-54,Стреллева Кристина, Мороз Артем-1С-54,Өмірбекова Айсұлу-1С-54,Нурушев Ильяс-1Д-18, Чеканов Дмитрий-1Т-44 белсене қатысып,өлеңді нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Сайыстың екінші кезеңінде 1АС-38 тобы студенттері- Полунин Артем, Мукашев Арон, Аскеров Қанат,Величко Дмитрий, Сапарғалиев Бекзат,Ибраев Әлішер, Кулибаба Андрей өлеңдерді мәнерлеп оқып, тіл туралы викторина сұрақта-рына дұрыс жауап берді. Осы сайыста өлеңді жатқа айтып, көрермендердің қошеметіне бөленген студенттер: Чеканов Дмитрий-1 орын, Смышляева Юлия,Стреллева Кристина -2орын, Мороз Артем, Федотов Никита 3 орынға ие болды. Музыкалық үзілісте қазақша әндер тыңдалып, өлеңдер айтылды. Кулибаба Андрей,Величко Дмитрий, Полунин Артем-бұл студенттер алғыс хатқа ие болды. Нурушев Ильяс,Бийсенова Аружан, Өмірбекова Айсұлу, Остап Роман-үздік мәнерлеп оқу шебері номинациясын иеленді. Мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті. Сайыс қызықты да көңілді өтті.