«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» атты іс-шара

Тіл және әдебиет ЦК онкүндігі аясында Қостанай автомобиль көлігі колледжінде 14.03.2024ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Еділбаева Г.Қ. мен Шәкірова Т.Ж. 1 курс студенттермен «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» атты іс-шара өткізді. Студенттер Наурыз мерекесінің шығу тарихын, қалай тойланатындығын, қазақ халқының салт дәстүрлерін еске түсірді. Әсем әндері, тартымды билері, күй өнері көрермендер алдына көрсетілді. Сонымен бірге студенттер арасында «Қол күрес», «Арқан тартыс», «Асық ату» жарыстары өткізілді, «Көрісу» рәсімі көрсетілді. Қазақтың дәстүрі бойынша бата беріліп, жырдан шашу шашылып, ата-аналар дайындаған наурыз көжесі барлық студенттерге, оқытушыларға берілді

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru