Белсенді студенттердің аналарын құттықтау

8 Наурыз көктемгі әйелдер мерекесі қарсаңында колледж директоры Д.И.Павленко қыздарды, колледж студенттерін, олардың аналарын тәтті шай үстеліне жинап, құттықтады. Дәмді дастархан басында студенттер колледжден алған әсерлерімен және болашақ жоспарларымен бөлісті. Колледж директоры Д.И. Павленко нәзік жанды қыздарды, аналарды мерекемен құттықтап, тілектерінің орындалуын тіледі және кездесу соңында студенттердің аналарына еліміздің болашағы-жастарымызға жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін алғыс айтты.

 

Контакты
г. Костанай пр. Назарбаева 156
8:00 - 17:00
8 (7142) 57 97 70
kkat311@mail.ru